30.05.2022 | invalid

Ат спорты: Алматыда конкурдан Әлем Кубогының кезеңі өтті

26-29 мамыр аралығында Алматы қаласында кедергілерді еңсеруден (конкур) Әлем Кубогының кезеңі өтті. Жарысқа Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғыз Республикаслы, Грузия, Германия, Польша, Нидерланд Корольдігінен келген 45 спортшысы қатысты. Оның ішінде 25 отандасымыз бар. Алматыдағы Әлем Кубогы кезеңінің жүлде қоры 10 мың еуродан астам.

Назарларыңызға қазақстандықтардың нәтижесін ұсынамыз:

Биіктігі 120 см кедергілер – Мария Дорофеева 3-орын (Жылқысының аты LadyKiller);

Биіктігі 140 см кедергілер – Шыңғыс Маликаждар – 2-орын (Жылқысының аты Taymaz);

Биіктігі 130 см кедергілер – Ксения Баталова – 2-орын (LadyDi);

Биіктігі 150 см кедергілер – Шыңғыс Маликаждар – 3-орын (Taymaz);

AEF Кубогы. Биіктігі 130 см кедергілер - Нурила Тұрысбекова 2-орын (Journey);

Ұлттар Кубогы – Қазақстан құрамасы 3-орын:

Біздің анықтама:

Конкур ең қызық ат спорт түрінің бірі. Жарыста 63 секундтың ішінде биіктігі 150 сантиметрге дейінгі бірнеше кедергіні секіріп өткен спортшы жеңіске жетеді. Қазылар әр атлеттің бағдарды қаншалықты мұқият өткенін, жылдамдығы мен әр секірудің тазалығын бағалайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес