03.05.2024 | 09:16
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы тағы екі жүлде иеленді
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан конкурдан Әлем Кубогы кезеңінде еліміздің құрамасы 1 күміс, 1 қола медель жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жекелей сында N1 бағдарында қазақстандық Шыңғыс Мәлікаждар 120 см биіктіктегі кедергілерді U-Core De La Vile лақап атты жылқымен еңісеріп, күміске қол жеткізді. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Ясмина Ибрагимова N2 бағытында 140 см кедергілерден өтіп, үшінші орын алды.
Айта кетейік, 4 мамырға дейін жалғасатын бәсекеге 3 елден 40 спортшы қатысып жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚазақстан тағы бір күміс медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды