12.12.2022 | invalid

Азамат Дәулетбеков Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Бүгін АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында өткен еркін күрестен Әлем Кубогында Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дәулетбеков Әлем құрамасы сапында қола медаль жеңіп алды. Азамат бұл бәсекеде 86 кг дейінгі салмақта күресті.

Оның құрамасы жарысты 2- айналымнан бастады. Онда Дәулетбеков жапон Тацуия Шираиды ұтты (9-1). Әлем құрамасы мен Жапония арасындағы тартысты алғашқысы басым болды.

Алайда жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиден жеңілді. Бұл жерде Азиядан келген балуандар басым түсті. Ал қола медаль үшін белдесуде грузиялық Сандро Аминашвилиді 8-2 есебімен жеңді.

Азамат Дәулетбеков биыл қыркүйекте Белградта өткен Әлем чемпионатында 86 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізген. Осы бәсекеден соң ол Әлем құрамасының сапына шақырту алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес