30.03.2025 | 16:13

БОЛАТ САҚАЕВ АММАНДА АЛТЫН ҮШІН КҮРЕСЕДІ

Еркін күрестен Ұлттық құраманың палуаны Болат Сақаев (86 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз жартылай финалда Қытай өкілін тізе бүктірді. Есеп: 12-1. Кешке Сақаев ақтық сында Иран спортшысымен күш сынасады.

Еске сала кетейік, Болат 2 жыл бұрын Астанадағы құрлық бәсекесінде 79 кг дейінгі салмақта топ жарған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес