30.03.2025 | 16:12

НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА КҮШ СЫНАСАДЫ

Еркін күрестен Ұлттық құраманың палуаны Нұрқожа Қайпанов 74 кг дейінгі салмақта Иорданиядағы Азия чемпионатының ақтық сынына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жартылай финалда ирандық бозкілем шеберін айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 6-1. Кешке финалда Нұрқожа қырғыз палуаны Орозбек Токмамбетовпен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, Нұрқожа осыған дейін 3 рет сары құрлық чемпионатының финалына шығып, 2 мәрте алтыннан алқа таққан.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес