16.01.2024 | 18:57

Азия чемпионатында қоржынға тағы 3 медаль түсті

Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында бүгін Қазақстан мергендері тағы 3 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Фатима Ирназарова 567 ұпай жинап, тағы құрлық чемпионы атанды. Ал ерлер сайысында Илья Зотеев үздік үштікті түйіндеді.

Дәл осы жаттығудағы командалық бәсекеде еліміздің ерлер құрамасы (Андрей Худяков, Илья Зотеев, Асадбек Назиркульев) жарыс қожайыны Индонезиядан кейін нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы мұнда 1654 ұпай жинады.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде Азия чемпионатының 4 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдесі бар. Ертең ауыспалы қарқындағы жылжымалы нысана көздеу сайысынан кейін құрлық чемпионаты аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес