08.09.2023 | 19:15

Азия ойындарында ел намысын қорғайтын каратешілер есімі анықталды

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына баратын WKF каратэден Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер:

60 келі – Қайсар Алпысбай

67 келі – Дидар Әмірәлі

75 келі – Нұрқанат Әжіқанов

84 келі – Данияр Юлдашев

Әйелдер:

50 келі – Мөлдір Жаңбырбай

61 келі – Әсел Қанай

68 келі – Лаура Әліқұл

+68 келі – Софья Берульцева

Бас бапкер – Тарек Абдесселем.

Айта кетейік, 2018 жылы Джакартада өткен жазғы Азия ойындарында біздің каратешілер 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 5-орын алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес