28.09.2023 | 19:32

Баскетболдан Ұлттық құрама плей-офф кезеңіне шықты

Бүгін 3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы D тобында үшінші матчта жеңіске жетіп, топта 2-орынмен ХІХ жазғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жолы қазақ баскетболшылары Таиландтан 19:16 есебімен басым түсті. Олар осыған дейін алғашқы ойында Қырғыз Республикасының (20-16), Камбоджаның (21-13) құрамасын жеңіп, Қатар ойыншыларына есе жіберген (11-19).

Ұлттық құрама ойыншылары: Әділ Нариманов, Рамазан Самсин, Радислав Родионов, Богдан Рабченюк.

Есіңізге сала кетейік, 23 жасқа дейінгі 3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының ширек финалына дейін жетіп, финалист Оңтүстік Кореяға жол берген (13-17).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық