23.12.2023 | 17:36

Биатлоннан қысқы жастар Олимпиадасына баратын Ұлттық құрама анықталды

Бүгін Щучинск қаласында аяқталған биатлоннан ҚР Кубогының 2-кезеңнің қорытындысы бойынша IV қысқы жастар Олимпиадасында ел намысын қорғайтын Ұлттық құрама белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Олимпиадаға жолдаманы ұлдар арасында Ілияс Хасенов, Кирилл Зотов, Антон Редькин, ал қыздар арасында Алема Карабаева, Мария Воробьева мен Эвелина Рыбалкина иеленді.

Айта кетейік, IV қысқы жастар Олимпиадасы Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Ойындарға 70 мемлекеттен 1800 спортшы келеді деп жоспарланған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес