29.06.2022 | invalid

Бокс: «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталды

Бүгін еліміздің бас қаласында бокстан «Елорда кубогі» халықаралық турнирі басталды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған турнирде 10 елдің боксшылары кім мықтыны анықтайды.

Ұлттық құраманың сас бапкерлері – Қайрат  Сәтжанов пен Шәміл Сафиуллин бастаған боксшылары додаға 4 құрамнан қосқан. Сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Моңғолия, Қытай, Жапония және Куба құрамалары бар. Елордамыздағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында керілген шаршы алаңда 25 салмақ дәрежесінде барлығы 250-ден астам боксшы жұдырықтасады.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Нұр-Сұлтан қаласы Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов және Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов қатысты.

«Елорда кубогі» халықаралық турнирі әлем жұлдыздарының жиналатын аренасы және болашақ жұлдыздардың Олимп шыңына бастар трамплині болады деп сенемін», - деді Самат Ерғалиев.

Турнирдің алғашқы күнінде көрермен 29 жекпе-жекті тамашалады. Олардың арасында ел чемпиондары ғана емес, Азия және Әлем чемпионатының да жүлдегерлері болды. Бұл қатарда Махмұд Сабырхан, Василий Самчук, Әділет Құрметов, ағайынды Төлтаевтар, Нұрлан Сапарбай, Дамир Тойбай сынды мықтылар да бар.

«Елорда кубогі» халықаралық турнирі 4 шілдеге дейін жалғасады. Жекпе-жектер күнде саған 14:00-ден басталады. Турнирдің трансляциясын QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес