24.03.2024 | 12:20

Боксшылар Литвадағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды

20-24 наурыз аралығында Литваның Каунас қаласында бокстан «Альгидрас Щоцикасты» еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шаршы алаң бәсекесіне Ұлттық құрама 11 спортшы апарып, 6 алтын, 3 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды.

Чемпиондар – Асылжан Серікбай (57 кг), Жандос Қыдыралиев (63,5 кг), Елнұр Сүйісбай (67 кг), Фарух Тохтасунов (71 кг), Азамат Бектас (75 кг), Тұрсынбай Құлахметов (80 кг);

Күміс жүлдегерлер – Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Алмат Абдуали (60 кг), Абзал Құттыбеков (86 кг);

Қола жүлдегерлер – Даниял Сәбит (51 кг) пен Аманат Сабырғали (+92 кг);

Осылайша, Қазақстан командалық есепте 1-орын алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес