02.03.2024 | 23:21

Бокстан ерлер арасындағы жеребе нәтижесі белгілі

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиясы үлестірілетін турнирдің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарыңызға ерлер арасындағы жеребені ұсынамыз.

51 кг – Сәкен Бибосынов (Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионы)

57 кг – Махмұд Сабырхан (Әлем чемпионы)

63,5 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

71 кг – Асланбек Шымбергенов (Әлем чемпионы)

80 кг – Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы)

92 кг – Айбек Оралбай (Азия чемпионы)

Ертең 51, 71,+92 келідегі боксшылар шаршы алаңға көтеріледі. Еліміздің атынан Сәкен Бибосынов Гонконг боксшысы Хин Каннез Там Чунмен, ал 71 келіде Ұлттық құрама капитаны Аслан Шымбергенов Финляндия спортшысы Сэм Мороватимен кездеседі.

Барлығы ерлер арасында 28 жолдама үлестіріледі. Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде қазір екі жолдама бар. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алып қойған.

Суреттердің авторы - Аян Төлеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес