06.03.2024 | 08:37
Бөлісу:
Бүгін Ұлттық құраманың барлық боксшысы жеңіске жетті
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің 3-жарыс күнінде Ұлттық құраманың 3 өкілі рингке шығып, барлығы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 60 кг дейінгі салмақта Римма Волосенко Италия төріндегі екінші айқасында 22 жастағы Мажарстан спортшысы Петра Сзабомен жұдырықтасты. Нәтижесінде Римма алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, қалған уақытта өзінің басымдығын таныта білді. Есеп: 5:0
Кешкі сессияда 71 келідегі әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов алғашқы қарсыласы Сэм Мороватимен (Финляндия) айқасты ұзаққа созбай, 2-раундта техникалық нокаутпен аяқтады.
Кештің нүктесін олимпиадалық іріктеуде алғаш рет бақ сынап отырған 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қойды. Ол 1/32 кезеңде Тринидад және Тобаго өкілі Доннел Филипптен айласын асырды. Мұхаммедсабыр жекпе-жек бойы бір бас жоғары екенін дәлелдеп, тіпті 3-раундта қарсыласын нокдаунға да түсірді.
Енді 6 наурыздағы бағдарламада ерлер 51, 92,+92 келі және әйелдер 60, 66, 75 келіде жұдырықтасады.
Ұлттық құрама сапынан 51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, 92 келіде Айбек Оралбай және әйелдерде 60 келідегі Римма Волосенко үшінші мәрте кездесуін өткізеді. Олардың нақты қай уақытта рингке шығатыны кейінірек белгілі болады.
60 кг. Римма Волосенко – Муино Камила Паола Пинейро
51 кг. Каранджа Давид Мачариа – Сәкен Бибосынов
92 кг. Айбек Оралбай – Санжит Санжит.
Суреттердің авторы – Аян Төлеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ