04.03.2023 | 19:27

Данияр Шамшаев Ташкенттегі Үлкен дулыға турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін отандасымыз Данияр Шамшаев (73 кг дейін) Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Үлкен дулыға турнирінің күміс жүлдегері атанды. Финалда отандасымыз жарыс қожайыны Муроджан Юлдошевке есе жіберді.

Шамшаев жартылай финалда швейцариялық Нилл Штамптың жауырыны жерге тигізсе, ширек финалда түркиялық татами шеберінің жолын кесті. Ал іріктеуде француз Аксус Бенджжамин мен қырғыз Шыңғисхан Сагиналиевтің адымын аштырмады.

Айта кетейік, кеше 60 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев күміс медаль алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес