16.08.2023 | 11:17

Дауыс береміз! Олег Балашов олимпиадалық турнирдегі үздік жас ойыншы атанудан үмітті

Сирия астанасы Дамаскте баскетболдан ерлер арасында Азия құрлығындағы олимпиадалық іріктеу турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Халықаралық баскетбол федерация (FIBA) жарыс кезінде жарқын ойынымен көзге түскен 25 жасқа дейінгі баскетболшылардың бестігін түзіп, үздігін анықтау үшін жанкүйерлер арасында сауалнама бастады. Бұл тізімде Ұлттық құрама ойыншысы Олег Балашов (1999 жылы дүниеге келген) бар.

Ал қалған баскетболшылар:

Принц Пранав – Үндістан (2003 жылғы)

Мұстафа Рашед – Бахрейн (2002 жылғы)

Арвин Кумар Мутху Кришнан – Үндістан (2000 жылғы)

Музамил Әмір Хамуда – Бахрейн (2002 жылғы)

Осы ойыншылардың біріне FIBA-ның ресми сайтындағы мына материалға кіріп, дауыс бере аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес