21.10.2022 | invalid

Денис Сергиенко – маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Денис Сергиенко Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өтіп жатқан маутинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық 23 жасқа дейінгі велоспортшылар арасында 16,45 шақырым жарыс жолында мəреге оңтүстік кореялық Сеонхун Чуннан кейін келді. Ал үздік үштікті тағы бір жарыс қожайыны Сеунг Со Хё түйіндеді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен 2-медаль. Чемпионаттың алғашқы күні 20 км болатын командалық эстафетада алтын жеңіп алған. Жалпы биылғы құрлық додасына 17 елден 200-ден астам атлет жиналған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес