07.10.2023 | 15:45

Дидар Әмірәлі Азия ойындарының чемпионын жеңіп, 2-жүлдесіне қол жеткізді

Дидар Әмірәлі Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында WKF каратэден Ұлттық құрама қоржынына кезекті медальді салды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақ спортшысы 67 кг дейінгі салмақтың қол жүлдесі үшін жекпе-жекте ирандық Амир Заде Махдиді жеңді. Есеп: 7-2.

Дидар үшін бұл жазғы Азиаданың екінші медалі. Ол 5 жыл бұрын Джакартадағы сары құрлық Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған. Ал қарсылас осымен төртінші Азия ойындарына қатысып тұр. Ирандық татами шебері 60 кг дейінгі салмақта 2014 жылы Инчхонда чемпион атанып, 2018 жылы Джакартада күміс жүлдеге ие болған. Тағы 2 дүркін әлем және Азия жеңімпазы деген атағы бар.

Қазақ каратэшісі бүгін алғашқы айқасында Вирак Чрун (Камбоджа), Пань Хуэй Чен (Гонконг), ал ширек финалда Сельвам Кумардан (Малайзия) мықты екенін дәлелдеген. Алайда жартылай финалында Иордания құрамасының спортшысы Абдель Рахман Алмасатфадан жеңіліп қалған. Есеп: 2-10.

Айта кетейік, Дидар Әмірәлі осы спорттағы ең беделді бәсекенің бірі Премьер-лига турнирлерінде тор жарып, бірнеше мәрте медаль жеңіп алған. Сондай-ақ 27 жастағы атлет Азия чемпионатының 5 дүркін жүлдегері.

Қазір Қазақстан делегациясының еншісінде барлығы 72 медаль – 9 алтын, 19 күміс пен 44 қола бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес