02.10.2023 | 13:14

Джиу-джитсу шеберлері халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды

Германияның Гельзенкирхен қаласында өткен джиу-джитсудан German Open-2023 халықаралық турнирінде Ұлттық құрама спортшылары 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Беделді жарысқа әлемнің 17 елінен 232 спортшы қатысты. Жүлде алған спортшыларымыз келесідей:

Алтын – Бекзат Баймұратов (85 кг), Аслан Қанатбек (62 кг), Әбу-Бәкір Жәнібек (69 кг);

Күміс – Руслан Кенжеғара (69 кг), Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (77 кг);

Қола – Бекзат Баймұратов (77 кг);

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес