10.08.2023 | 11:50

Джиу-джитсудан Астанадағы әлем чемпионатына 10 күн қалды

Жаздың аяғында елорда тұрғындары мен қонақтары кезекті ауқымды жарысқа куә болмақ. 20-25 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер (U14- U21) арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биылғы бәсекеге 42 елден 1200-ден астам спортшы келеді. Оның ішінде отандастарымыздың саны 194.

Қатысушы елдер: Аустрия, Бангладеш, Бельгия, Болгария, Канада, Қытай, Хорватия, Кипр, Германия, Португалия, Колумбия, Ангола, Франция, Италия, Грекия, Мажарстан, Ирак, Израиль, Оңтүстік Корея, Филиппин, Өзбекстан, Таиланд, Македония, Иран, Дания, Қаратау Республикасы (Црна Гора), Словения, Нидерланд, Моңғолия, Қырғызстан, Палестина, Польша, Румыния, Сауд Арабиясы, Словакия, Швеция, Швейцария, Тәжікстан, БАӘ, АҚШ, Қазақстан.

 

Астанадағы әлем чемпионатын мына жерден тікелей эфирде көре аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес