28.07.2023 | 20:53
Бөлісу:
Еліміздің таңдаулы триатлоншылары Көкшетауда жиналды
Бүгін Көкшетау қаласында триатлоннан ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасы басталды. Бәсекеге Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 47 триатлоншы қатысуда. Оның ішінде жекелей сында 19 атлет және 7 эстафеталық команда бақ сынайды.
Жарыс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақмола облысы спорт басқармасының қолдауымен өтіп жатыр.
Бүгін элита санатында ерлер мен әйелдер алдымен суда 1500 метр қашықтыққа жүзді. Кейін велосипедпен 40 шақырымды жүріп өтті. Доданың үшінші кезеңінде 10 шақырымға жүгірді. Ертең командалық жарыстар өтеді.
Спартакиаданың бас хатшысы – Спортты дамыту дирекциясы спорт жарыстарын өткізу бөлімінің маманы Асқар Қадыров.
«Барлық құрамалар мықтап дайындалған. Қатысушылардың саны да жыл санып артып келеді. Әзірге, қай команда жеңіске жететінін дөп басып айту қиын. Бірақ, барлықтарына сәттілік тілеймін. Биылғы жыл біз үшін маңызды. Алда үлкен жарыстар күтіп тұр. Сол сында чемпиондарымыз ел намысын абыроймен қорғайды деген ойдамыз», - деді Асқар Қадыров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: