28.07.2024 | 19:06

ЭЛЬМИР ӘЛІМЖАНОВ ЖЕКЕЛЕЙ СЫНДЫ АЯҚТАДЫ

Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Эльмир Әлімжанов Париж Олимпиадасында Федерико Висмарадан (Италия) жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Өте шиеленісті, тартысқа толы айқас қосымша уақытта (over-time) 13-14 есебімен аяқталды. Кездесу басында Эльмир қарсыласынан жеңіліп тұрды. Кейін таразы басын теңестірді (13-13). Қосымша уақытта Висмара нәтижелі шабуыл жасады.

Суреттер: Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес