07.11.2023 | 17:28

Елордада бокстан VI жазғы Cпартакиада өтеді

Бокстан Астана қаласында 4 жылда бір мәрте өтетін ерлер арасындағы ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсеке Beeline Arena спорт кешенінде 13-19 қараша аралығында өтеді. Ел астанасында ұйымдастырылатын жарысқа әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және барлық өңірден 200-ден астам былғары қолғап шебері сынға түседі.

Жекпе-жек олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Ерлер 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі) бойынша жеңімпазды анықтайды. Бокс бәсекесінің барлық жекпе-жегін күндізгі 12:00-ден бастап, Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жеңімпаздар 19 қарашада анықталады.

Турнир жеңімпаздары алдағы уақытта өтетін ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды. Жанкүйерлер үшін кіру тегін.

Айта кетсек, бұған дейін Спартакиаданы 2019 жылы Қызылорда қаласы қабылдаған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес