12.03.2023 | 23:06

Елжана Таниева – Испаниядағы Гран-Придің қола жүлдегері

Бүгін Испанияның Марбелья қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-Приде отандасымыз Елжана Таниева доппен өнер көрсетіп, қола медальге қол жеткізді. Ол финалдағы жаттығуы үшін 32,900 ұпайға ие болды. Бұл сында алтын мен күміс болгариялық спортшылар – Стиляна Николова мен Ева Брезалиеваға бұйырды.

Сондай-ақ Елжана шығыршықпен өнер көрсетудің финалында 6-шы, ал ұршықпен өнер көрсетуде 7-сатыдан көрінді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес