07.11.2022 | 00:00

Федор Бугаков фристайл-могулдан FIS Open турнирінде қола жүлдеге ие болды

Бүгін Аустрияның Хинтертукс қаласында аяқталған фристайл-могулдан жастар арасындағы FIS Open турнирінде Федор Бугаков қола жүлдегер атанды (68.21 ұпай). Федор қазір қысқы спорт түрлеріне арналған олимпиада даярлығы орталығында жаттығады.

Аустрия, Ұлыбритания, Германия, Канада, Оңтүстік Корея мен АҚШ спортшылары бас қосқан бәсекеде Қазақстан жастар құрамасы лайықты өнер көрсетті.

Мысалы, Семен Русаков алғашқы жарыс күні 4-ші орынға тұрақтады. Ал Максим Емельянов жалпы есепте 12-орын алса, Юлия Феклистова 7-ші, Анастасия Ларионова 9-сатыға жайғасты. Айта кетейік, бұл біздің қыздардың алғашқы халықаралық жарысы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес