23.08.2023 | 12:18

Гандбол: Ұлттық құрама Олимпиадаға іріктеу турнирінде 4-орын алды

Жапонияның Хиросима қаласында қол добынан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы шешуші турда Үндістаннан 34-26 есебімен басым түсіп, сары құрлық бәсекесін 4-орынмен аяқтады. Отандастарымыз осыған дейінгі 3 кездесуде қарсыласқа жол берген.

Мұнда барлық ойында жеңіске жеткен Оңтүстік Корея құрамасы Парижде өтетін олимпия ойындарына тікелей жолдама алды. Ал финалда жеңілген жарыс қожайыны Жапония 2024 жылғы 11-14 сәуір аралығында болатын кезекті лицензиялық турнирде бақ сынайды. Ол кезде әр құрлықтың өкілдері кездеседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес