03.12.2022 | invalid

Grand Slam Tokyo: 1-күннің нәтижесі

Бүгін Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен Дулығы бәсекесі басталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы күні 6 салмақта Ұлттық құраманың 8 балуан татамиге шықты. Әйелдер арасында 57 кг салмақта күрескен Дана Әбдірова алғашқы айналымда жапонлық Акари Омориден жеңілді. Ал 63 кг салмақтағы Самалай Ерғалиева алғашқы айналымда румын дзюдошысына есе жіберді. Есмигүл Куюлова 1-айналымда Ким Еунаны (Оңтүстік Корея) жеңгенмен, 2-айналымда биылғы әлем чемпионы Мегуми Хориковадан жеңілді. Анастасия Маякова (70 кг) швециялық Ида Эриксоннан таза жеңілді.

Ерлерден Данияр Шамшаев (73 кг) алғашқы айналымда кәріс балуанына есе жіберді. Абылайхан Жұбаназар (81 кг) 1-айналымда америка балуанын жеңгенімен, екінші белдесуде жапон Сатаро Фуживараға жол берді. Бұл салмақтағы Мейірлан Максим 1-айналымда Мысыр балуанынының мықты екенін мойындады. Дидар Хамза (90 кг) алғашқы айналымда француз спортшысын жеңіп, ізін ала жапон Косуке Машиямадан өте алған жоқ.

Жалпы бүгінгі 6 салмақта да Жапония дзюдошылары жеңімпаз атанды. Бұл елдің 24 балуаны күресіп, 17-сі медаль алды (6 алтын 4 күміс 7 қола). Аустралия мен Германияда бір-бір күміс, Франция, Грекия, Польша, Испания, Грузия қоржынында бір қоладан бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес