24.04.2023 | 09:36

Grand Slam турнирінде қазақстандық джиу-джитсу шеберлері үш медаль жеңіп алды

Францияның Париж қаласында өткен джиу-джитсудан Paris Grand Slam 2023 халықаралық турнирінде отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Аталған жарысқа Қазақстаннан 11 спортшы қатысты. Доданың алғашқы күні не-ваза бөлімінде 69 келі салмақта сынға түскен Мансұр Хабибулла жеңіс тұғырынан көрінді. Ал файтингте Самат Сәрсенұлы (56 кг) алтын, Ғибрат Әмірше (56 кг) күміс жүлдеге ие болды. Үш күнге созылған турнирде 26 елден 900 қатысушы бақ сынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес