28.07.2024 | 19:28

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҮШІН КҮРЕСЕДІ

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Виллиан де соуза Лимаға (Бразилия) қосымша уақытта (golden score) есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыздың жүлде жолындағы қарсыласы серб дзюдошысы болады.

Осыған дейін Парижде Ғұсман жеңген палуандар:

Давид Гарсия Торне (Испания) – Еуропа чемпионы;

Ан Ба Уль (Оңтүстік Корея) – Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы;

Валид Хяр (Франция) – әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023 жыл), Еуропа чемпионы;

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері (60 кг, 2021 жыл), Азия чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері. Бұл оның алғашқы Олимпиадасы.

Сурет: Тұрар Қазанғапов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес