26.10.2023 | 20:44
Бөлісу:
Камила Берліқаш Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam жарысында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол финалда португалиялық Рушель Нуньеспен кездесіп, есе жіберді.
Камила Берліқаш жарыс кезінде 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлығы 4 кездесу өткізді. Іріктеуде Ивана Сутало (Хорватия), Джованна Сантосты (Бразилия) айқын басымдықпен ұтып, өз тобынан үздік шықты. Ал жартылай финалда Ерика Симонеттиден (Италия) басым түскен.
Айта кетейік, Камила Берліқаш Қазақстан дзюдо тарихында дзюдодан әйелдер арасында Grand Slam жарысының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық дзюдошы атанды. (Осыған дейін Grand Slam кезеңінің финалынында Қазақстан құрамасынан тек Отгонцэцэг Галбадрах 2016 жылы күрескен).
Абу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam жарысында барлығы 77 елден 450-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАЛҒАТ ОРЫНБАСАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
АҚТАУДА ДЗЮДОДАН ЕРЛЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ
GRAND SLAM: АБУ-ДАБИДЕ 13 ДЗЮДОШЫМЫЗ СЫНҒА ТҮСЕДІ