16.12.2022 | invalid

Каратэшілер Азия чемпионатының алғашқы күні 5 медаль еншіледі

Бүгін Ташкентте WKF каратэден Азия чемпионаты басталды. Доданың алғашқы күні кадеттер жақсы өнер көрсетіп, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне тарту жасады.

Чемпиондар: Асқарбек Фаутсафар 14-15 жас (-57 кг, Маңғыстау облысы) мен Айшабибі Шарахан, 14-15 жас (Маңғыстау облысы);

Күміс жүлде: Әлихан Қадырғали, 14-15 жас (-70 кг, Алматы қ);

Қола жүлдегерлер: Нұрсұлтан Нұрғалиев, 14-15 жас (+70 кг, Маңғыстау облысы); Аяулым Балтабек, 14-15 жас (-47 кг, Түркістан облысы);

Алғашқы күннен бастап біздің Ұлттық құрама жалпы есепте көштің басына шықты. Ертеңнен бастап Ташкент татамиінде жастар мен ересектер шеберлік байқасады. 20 желтоқсан дейін созылатын бәсекеге сары құрлықтағы 28 елден 700-ден астам үздік каратэшісі жиналған. Ал нліміздің намысын барлық жас санатын қосқанда 61 спортшы қорғайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес