20.12.2022 | 18:50
Бөлісу:
Халықаралық су спорт түрлері федерациясының атауы өзгерді
12 желтоқсанда Аустралияның Мельбурн қаласында Халықаралық су спорт түрлері федерациясының кезектен тыс конгресі өтіп, дауыс беруден кейін FINA атауы World Aquatics деп өзгерді.
Бұл федерация жүзу, көркем жүзу, дайвинг, хай-дайвинг, су добы мен ашық айдында жүзу сынды өз алдына бөлек спорт түріне жетекшілік етеді. Құрылғанына 114 жыл өткен ұйымға бүгінде 209 федерация мүше.
«Өз ортамыздағы адамдар FINA-ның әр жетістігін, осы спортты дамытуға қосқан үлесін мақтан тұтады. World Aquatics су спортымен шұғылданатын барлық адамды бір брендтің астына біріктіреді. FINA деген француз тілінен енген аббревиатура. Ондағы Natation сөзі «жүзушілер» дегенді сипаттайды. Бүгінде жүзушілер FINA отбасының маңызды бір бөлігі. Алайда бізге отбасының барлық мүшесінің ерекшелігін ашып көрсететін атау қажет. Осыған дейін мен біздің спортшылар біз үшін алдыңғы орында тұруы керек деген айтып келдім. Осы шешімді қабылдамас бұрын біз атлеттермен ақылдастық. Сауалнамаға қатысқандардың 70 пайыздан астамы FINA атауын өзгертісі келетінін ашық айтты. Ал біразы FINA аббревиатурасының мағынасы қандай екенін білмейтін болып шықты»,-деді World Aquatics президенті Хусейн әл-Мусаллам.
Биылдан бастап World Aquatics барлық халықаралық жарыстар кезінде қолданылады. Федерацияның әлеуметтік желідегі парақтарының аты өзгерді. Ал жазда Фукуокадағы әлем чемпионаты қарсаңында жаңа веб-сайт іске қосылады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСИНГАПУРДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
ӘДІЛБЕК МУСИН МӘРЕГЕ 5-ШІ ЖЕТТІ
ӘДІЛБЕК МУСИН ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ
ПАРИЖ-2024: КСЕНИЯ ИГНАТОВА МӘРЕГЕ 2-ШІ ЖЕТТІ