12.05.2023 | 13:19

Көркем гимнастикадан VI жазғы Спартакиада Астанада өтеді

Мамырдың 16-19 аралығында Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде еліміздің таңдаулы гимнастары Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасында сынға түседі. Бұл қатарда Елжана Таниева, Айбота Ертайқызы, Эрика Жайлауова, Милана Парфилова сынды Ұлттық құрама сапында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар бар. Барлығы 64 көркем гимнаст (54-і жекелей, 14-і топтық бағдарламада).

Осы тұста топтық жаттығуларға 2008 жылы туған бір ғана спортшы қатыса алатынын айта кетейік. Ал көпсайыс пен жекелей жаттығудан финалға іріктеуде жоғары нәтиже көрсеткен 15 гимнаст жолдама алады. Көпсайыстың жеңімпазы ұпай саны бойынша анықталады.

Ақпан айының басынан бері бүгінге дейін 9 спорт түрінен VI жазғы Спартакиада өтті. Олар: әйелдер күресі, грек-рим және еркін күрес, үстел теннисі, волетрек (1-кезеңі), семсерлесу, спорттық гимнастика, қол добы (әйелдер), батуттағы гимнастика. Нәтижесінде Алматы қаласы 27 алтын, 15 күміс және 18 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келе жатыр. Батуттағы гимнастикада сәтті өнер көрсеткен Қарғанды облысы Астана қаласын басып озып, 2-орынға көтерілді. Кеншілер өңірінің атлеттерінде 16 алтын, 10 күміс пен 17 қола. Барлық 20 өңірдің ішінде әзірге тек Ұлытау облысының еншісінде ешқандай жүлде жоқ.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес