23.01.2023 | 18:13
Бөлісу:
Ксения Шалыгина Қазақстан құрамасына 11-жүлдені алып келді
Бүгін отандасымыз Ксения Шалыгина Универсиаданың соңғы күні 15 шақырымға шаңғымен жарыста үздік үштікті түйіндеді. Ол бұл қашықтықты 39:50.1 секеундта бағындырып, жеңімпаздан 11.7 секунд қалып кетті. Мәреге эстониялық Мариэль Мерлий Тянет бірінші келіп, алтыннан алқа тақса, күміс америкалық Кендалл Крамердің еншісінде.
Қола медаль жеңіп алған Ксения Шалыгина Алматы қаласының тумасы. Жеке бапкері – әкесі Владимир Шалыгин.
Тағы бір отандасымыз Надежда Степашкина мәреге 6-шы келді. Оның уақыт көрсеткіші – 41:03.2 секунд. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының 11-жүлдесі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықШАҢҒЫМЕН СЫРҒАНАУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ