20.01.2023 | invalid

Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасы қола медальге қол жеткізді

Бүгін АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлде түсті.

Шаңғы жарысынан эстафетада Қазақстан əйелдер құрамасы мəреге Финляндия мен Норвегиядан кейін үшінші болып келді. Жарыс жолына шыққан Айша Рақышева, Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина Спортты дамыту дирекциясына қарайтын Ұлттық құраманың мүшесі.

Мəдениет жəне спорт министрлігі көрсеткен қолдаудың арқасында Ұлттық құрама жақсы нəтижеге қол жеткізіп жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес