11.05.2024 | 00:24
Бөлісу:
Күрестен әйелдер құрамасы алғаш рет Олимпиададан тыс қалды
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы лицензия ала алған жоқ, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші бәсекеде 50 кг дейінгі салмақта Лаура Ғаниқызы, Марина Седнева (53 кг), Лаура Алмағанбетова (57 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және аса ауыр салмақта Эльмира Сыздықова сынға түсті.
Өкінішке қарай, тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет бұрымды палуандарымыз олимпия ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылып отыр.
Айта кетейік, қазір күрес түрлерінен Ұлттық құрамада Олимпиаданың 7 жолдамасы бар. Оның 4-еуін грек-рим күресінің өкілдері иеленсе, 3-еуі еркін күрес шеберлерінің еншісінде.
Түркияда өтіп жатқан әлемдік турнирде әр салмақтан үздік үштікке енген палуандарға Париж Олимпиадасының жолдамасы табыс етіледі.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: