09.11.2022 | invalid

Кёрлингтен Қазақстан құрамасы А дивизионындағы орнын сақтап қалды

Канаданың Калгари қаласында алғаш рет керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионат (Pan Continental Championships) өз мәресін жетті.

А дивизионында сынға түскен Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Канада, Аустралия, АҚШ пен Жапонияға жол берді. Ал топтық кезең аяғында Гонконг (7:5) пен Бразилиядан (13:7) басым түсті. Осының арқасында Ұлттық құрама 7-сатыға тұрақтап, келесі жылы А дивизионында өнер көрсететін болды. Қазақстан құрамасының ойыншылары: Тылсымай Аллиярова, Анджелина Эбауер (скип), Екатерина Колыхалова (вице-скип), Регина Эбауйер, Мерей Тастемір;

Жапония құрамасы финалда Оңтүстік Кореядан мықты екенін дәледеп (8:6), чемпион атанса, қола медаль АҚШ-тан айласын асырған Канадаға бұйырды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес