24.03.2023 | 19:39

Мағжан Шамшадин Ұлттық құрамаға 2-жүлдені алып келді

Мағжан Шамшадин (60 кг дейін) Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Үлкен Дулыға бəсекесінде қола медаль жеңіп алды. Ол жүлде жолында отандасы Қанат Сейілханды ұтты. Бұл Мағжанның Үлкен Дулыға турниріндегі 2-қола жүлдесі.

Мағжан іріктеу кезеңінде кипрлік жəне өзбекстандық дзюдошыдан басым түсті. Ширек финалда грузиялық спортшыға есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде португалиялық Родриго Коста Лопестің осал тұсын тапты.

Сəл ертеректе Əбиба Абужақынова (48 кг дейін) да өз салмағында үздік үштікті түйіндеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес