31.07.2024 | 14:33

МАХМҰД САБЫРХАН ТАРТЫСТЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Махмұд Сабырхан (57 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Хосе Кильес Бростонсқа (Испания) жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты  дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үш раундтан кейінгі төрешілер есебі: 1-4.

Айта кетейік, Махмұд әлем чемпионы (54 кг, 2023) және күміс жүлдегері (54 кг, 2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ал 26 жастағы Хосе - Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері.

Енді испан боксшысы ширек финалда әлем чемпионы (57 кг, 2023), Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы (2018) Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.

Осымен Париж Олимпиадасында 3 боксшымыз жарысты аяқтады. Олар: Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес