07.11.2022 | invalid

Мажарстан Кубогы Қазақстан құрамасы үшін табысты болды

Будапешт қаласында артистік жүзуден XXIX Мажарстан Кубогы мәресін жетті. Барлығы 8 елден 450-ден астам спортшы қатысқан додада Қазақстан құрамасы жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтар болсақ: жекелей техникалық бағдарламада алғашқы төрт орынға Ұлттық құрама өкілдері – Наргиза Болатова (1-орын), Валерия Столбунова, Арина Пушкина мен Карина Сагутдинова жайғасты.

Ал 13-15 жастағылар арасындағы жекелей еркін бағдарламада Алдияр Рамазанов (ұлдар) мен Ясмина Исламова (қыздар), жасөспірімдер арасындағы жекелей еркін бағдарламада Эдуард Ким (ерлер) мен Жаклин Якимова (қыздар) жеңіске жетті. Дәл осы күні Қазақстан құрамасының акробатика тобы қатарластарына дес берген жоқ.

Аралас жұптық сында Наргиза Болатова мен Артур Майданов алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар жұптар арасындағы еркін жаттығудағы барлық жүлде қазақстандықтарға бұйырды. Жәния Жиенғазы мен Ясмин Тұяқова жұбы айқын басымдықпен топ жарса, тағы бір қазақстандық дуэт Айгерім Құрманғалиева мен Анна Павлецова 2-орынға, Валерия Столбунова мен Карина Сагутдинова 3-орынға табан тіреді.

Суреттер Мажарстанның артистік жүзу ассоциациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес