
28.03.2025 | 02:11
Бөлісу:
МИХАИЛ ШАЙДОРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СЕНІМДІ БАСТАП, ҮШТІКТЕ ТҰР
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласындағы TD Garden аренасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер жарыс жолына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Былтыр сәтті өнер көрсеткен Михаил Шайдоров өз мансабындағы 4-ші жаһандық додасын (2021, 2023, 2024 жыл) жоғары ұпаймен бастады.
Ерлердің қысқа бағдарламасы, 39 қатысушы:
1.Илья Малинин – 110.41 ұпай (АҚШ)
2.Юма Кагияма – 107.09 (Жапония)
3. Михаил Шайдоров – 94.77
Михаил Шайдоров ел тарихындағы қысқа бағдарлама бойынша әлем чемпионатында ең көп ұпай алған спортшы ретінде тіркелді. Осыған дейін 2013 жылы Денис Тен қысқа бағдарламада 91.56 ұпай алған.
Еркін бағдарлама сайысы Астана уақыты бойынша 30 наурыз, таңғы 4-ке жоспарланған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

