
27.03.2025 | 01:54
Бөлісу:
СОФЬЯ САМОДЕЛКИНА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛҒАШҚЫ ЖАТТЫҒУЫН ОРЫНДАДЫ
АҚШ-тың Бостон қаласындағы TD Garden аренасы 9 жыл үзілістен кейін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын қайта қабылдады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін әйелдер арасындағы алғашқы қысқа бағдарлама сайысы өтіп, Қазақстан 6 жыл үзілістен кейін қайта әйелдер бәсекесінде жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. 18 жастағы Софья Самоделкина карьерасындағы алғашқы жаһандық додада еш қателікке жол бермей, өз мүмкіндігінше өнер көрсетті.
Әйелдер, қысқа бағдарлама 33 қатысушы:
1.Алиса Лью – 74.58 ұпай (АҚШ)
2.Монэ Тиба – 73.44 (Жапония)
3.Изабо Левито – 73.33 (АҚШ)
13-орын – Софья Самоделкина - 63.58
Қандай күтпеген жайт тіркелді?
Биылғы Еуропаның күміс жүлдегері, әлем рейтингінде жоғары орында тұрған Анастасия Губанова (Грузия) өрескел қателікке жол беріп, күтпеген жерден жарысты аяқтады.
Еркін бағдарламаға тек 24 спортшы өтеді және Олимпиада жолдамасын иеленеді. Бұған дейін Қазақстан намысын 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева қорғаған. Ол Жапонияның Сайтама қаласында тек Олимпиада чемпионы, ресейлік Алина Загитоваға есе жіберіп, ел тарихындағы тарихи күміс жүлдені еншілеген.
Еркін бағдарлама сайысы Астана уақыты бойынша 29 наурыз күні, таңғы 4-ке жоспарланған.
Фото: интернеттен.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

