30.05.2022 | invalid

Надежда Дубовицкая мен Нора Джеруто. Гауһартас лигасы кезеңінде Қазақстан ерекше нәтиже көрсетті

АҚШ-тың Юджин қаласында (Орегон штаты) жеңіл атлетикадан Гауһартас лигасының 3-кезеңі өтті. Жарты ғасырға жуық тарихы бар Prefontaine Classic бәсекесіне Қазақстан құрамасы 2 жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ алғаш рет Гауһартас лигасы кезеңінде 4 атлетіміз бақ сынап отыр.

Әуелі биіктікке секіру сынында қазақстандық Надежда Дубовицкая 1,93 метрді бағындырып, үздік үштікті түйіндеді. Токио Олимпиадасының қола, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2019) украиналық Ярослава Магучих ешкімге дес бермесе, (2 метр), америкалық Вашти Каннингем (1,93 метр) 2-орыннан көрінді.

Осыдан кейін 3 километрге кедергілермен жүгіру сынында Нора Джеруто топ жарды. Ұлттық құрама көшбасшысының уақыт көрсеткіші – 8.57.97 секунд. Норадан кейін мәре сызығын бахрейндік Винфред Мутиле Яви мен эфиопиялық Мекидес Абебе Демевоз кесті. Айта кетейік, Джеруто былтыр 21 тамызда осы Юджиндағы бәсекеде жеңіске жеткен (Уақыты 8:53.65 секунд).

Ал 5 километрге жарыста Дейзи Джепкемей 7-ші (14.52.64 секунд), Каролина Кипкируи 8-орынға (15.05.68 секунд) жайғасты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес