
03.08.2024 | 20:16
Бөлісу:
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙДА ОЛИМПИАДА МЕДАЛІ БАР
Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Төрешілер есебі: 4-1. Қуанышымызға орай, Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды.
Енді Назым финалға берілер жолдаманы Қытай боксшысымен сарапқа салады.
Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ВИКТОРИЯ ГРАФЕЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АЛУА БАЛҚЫБЕКОВА АЛҒАШ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ – ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРҒА ШОЛУ