22.03.2024 | 16:47

Нұрқанат Серікбаев 2-рет Үлкен дулыға турнирінің финалына шықты

Ұлттық құрама спортшысы Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің финалында, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол алғашқы белдесуінде Йохан Рохасты (Колумбия) ұтқан. Сосын Израиль палуаны Йехонатан Векслерді, Украина өкілі Дильшод Халматовты жарты жолда қалдырды. Жартылай финалда Балабай Агаевты (Әзірбайжан) қапы қалдырды.

Бірнеше сағаттан соң Нұрқанат финалда Ям Волчакпен (Израиль) кім мықтыны анықтайды. Бұл қазақ дзюдошысының Үлкен дулыға санатындағы додалардағы екінші финалы болмақ. Серікбаев былтыр Ташкенттегі турнирде күміс медаль алған.

Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Дәурен Суюкенов грузиялық дзюдошы Георгий Сардалашвилиден жеңіліп қалды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес