05.10.2023 | 10:24

Нұржан Батырбеков финалда, ал Алдияр Серік қола жүлдеге таласады

Нұржан Батырбеков Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Джиу-джитсудан 69 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чо Сон-хённан (Оңтүстік Корея) басым түсті. Оған дейін не-ваза жүйесіндегі айқастарда қазақ спортшысы Рамшед Абдуллоев (Тәжікстан) пен Хаммам Осама Кандилді (Сауд Арабиясы) айқын басымдықпен жеңген.

Осы салмақтағы тағы бір қазақ атлеті Алдияр Серік қола жүлдеге таласады. Ол жартылай финалда Мұхаммед әл Суваидиге (БАӘ) есе жіберді. Жүлде жолындағы жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес