03.04.2025 | 20:28

НЫСАНА КӨЗДЕУ: ВАЛЕРИЙ РАХЫМЖАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛДА СЫНҒА ТҮСТІ

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте нысана көздеуден жылдың алғашқы әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін отандасымыз  Валерий Рахымжан 10 пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуде финалға шықты. Ол 587 ұпаймен жалпы есепте 8-сатыдан көрінді.

Ал осы бағдарламада бақ сынаған тағы бір отандасымыз Эльдар Иманқұлов іріктеуде 20-шы (577 балл), Никита Чирюкин (570 балл) 30-сатыдан көрінді.

Ертең 50 метрден винтовкамен, сосын тапаншамен 25 метрден тапаншамен нысана көздеуден іріктеу мен финал өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес