17.03.2023 | 16:00

Павел Колмаков фристайл-могулдан Әлем Кубогы финалының күміс жүлдегері атанды

Бүгін отандасымыз Павел Колмаков Алматы қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан Әлем Кубогының финалында күміс жүлде жеңіп алды. Алтын медаль Микаэль Кингсберидің (Канада) еншісінде кетсе, қола Мэтт Грэмге (Австралия) бұйырды.

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасындағы бәсекеде әйелдер арасында қазақстандық Аяулым Әмренова финалға шыққан. Бірақ жүлдеге іліге алмады.

Ерлер арасындағы тағы бір Ұлттық құрама өкілі Антон Бондарев іріктеуден өте алмады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес