16.03.2023 | 18:06
Бөлісу:
Қазақ қыздары Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Боксшы қыздарымыз Үндістан астанасы Делидегі әлем чемпионатын сенімді бастады. Бүгін күндізгі бағдарламада Қазақстан атынан шаршы алаңға бір боксшымыз шықты. Ол 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жазира Орақбаева алғашқы жекпе-жегінде тайпейлік Чан Чиа-Хсунмен қолғап түйістірді. Бір-бірімен бұрын кездесіп көрмеген қарсыластар бірінші раундты барлаумен өткізді. Ал екінші раунда еліміздің чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері тайпейлікті соққының астына алды. Нәтижесінде екі нокдаун мен нокаут тіркелді. Осылайша, жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетті.
«Бірінші жекпе-жегіміз сәтті өтті. Бізді дайындаған жаттықтырушыларымызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздің жанкүйерлеріміз әрқашан бізді қолдап жүреді. Әлем чемпионаты алғашықы болып бастағандықтан, аздап толқу болды, бірақ жеңіске жеткеніме қуаныштымын», - деді жекпе-жектен кейін Орақбаева.
Естеріңізге сала кетейік, Үндістан астанасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын осымен 3-рет өткізіп жатыр. Алдағы күндері 60 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласпақ. Чемпиондар Халықаралық бокс қауымдастығынан 100 мың, күміс медаль иегерлері 50 мың, қола 25 мың АҚШ долларын алады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ