02.05.2024 | 11:05

Qazaqstan Barysy бәсекесінде күресетін Қазақстан құрамасы белгілі болды

10-12 мамыр аралығында Астана қаласында дзюдодан Үлкен Дулыға санатына кіретін Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарыңызға жарысқа қатысатын қазақстандық спортшылар тізімін ұсынамыз.

Ерлер:

-60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйікенов

-66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали

-73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Жансай Смағұлов, Бақытжан Абдурахманов

-81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев, Мәди Амангелді

-90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхаммедәлі Мавлидов

-100 келі: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев

+100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Әйелдер:

-48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай

-52 кг: Толғанай Әбеуова, Балнұр Абдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева

-57 кг: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Усейн, Дина Мұханбет, Дана Әбдірова

-63 кг: Эсмигуль Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова

-70 кг: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова

-78 кг: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская

+78 кг: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова

Айта кетейік, жарыс қожайыны ретінде Қазақстан ғана әр салмақта 4 дзюдошыдан қоса алады. Барлығы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының татамиінде 86 мемлекеттен келген 400-ден астам спортшы күш сынасады. Qazaqstan Barysy Олимпиада рейтингінде ұпай берілетін соңғы Үлкен Дулыға турнирі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес