03.04.2023 | 13:26

Қазақстан мен әлем құрамасының шахматшылары белгілі болды

Астана қаласында өтетін ФИДЕ-нің 2023 жылғы әлем чемпионаты аясындағы айтулы оқиғаның бірі – әйелдер арасында Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы матч болмақ. Шахмат сарапшылары мен жанкүйерлерін қызықтырған бұл ойынға әлем құрамасын әйелдер арасындағы рейтингтің көшбасшысы, қытайлық Хоу Ифань бастап келеді. Бұл команда сапындағы қалған ойыншылардың бәрі бір-біріне дес бермейді. Олар:

1. Гроссмейстер Хоу Ифань (Қытай, 2618)

2. Гроссмейстер Нана Дзагнидзе (Грузия, 2462)

3. Гроссмейстер Харика Дронавалли (Үндістан, 2447)

4. Гюнай Мамедзаде (Әзірбайжан, 2348)

5. Нургюль Салимова (Болгария, 2347), U20

6. Зсока Гаал немесе Савита Шри Б. (Мажарстан, 2187/ Үндістан, 2281), U18

7. Зсока Гаал немесе Савита Шри Б. U16

8. Афруза Хамдамова (Өзбекстан, 2135), U14

Әлем құрамасының капитаны: Дана Рейзниеце-Озола – WGM, FIDE басқарма төрағасының орынбасары.

Қазақстан құрамасының да барлық мықты шахматшысы тізімде бар.

1. Гроссмейстер Жансая Әбдумәлік (2454)

2. Динара Садуақасова (2402)

3. Бибісара Асаубаева (2359)

4. Меруерт Камалиденова (2273)

5. Лия Құрманғалиева (2152), U20

6. Ксения Балабаева (2111), U18

7. Алуа Нұрманова (2193), U16

8. Зарина Нұрғалиева (2070), U14

Айта кетейік, Лия Құрманғалиева мен Ксения Балабаева жуырда Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы жас санатында жүлдегер болған. Қазақстан құрамасының капитаны: Гүлмира Дәулетова – WGM, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры.

Қазақстан мен әлем құрамасы 17-18 сәуірде рапидтен, ал 19 сәуірде блицтен кім мықтыны анықтайды. Әр команда 8 ойыншыдан тіркейді. Оның ішінде 4 шахматшы 20, 18, 16 және 14 жасқа дейінгі санатқа дейінгі шахматшы болуы керек. Олар өз жас санаты бойынша бір-бірімен ойнайды. Ал қалған 4 әйел өз қарсыластарымен all-play-all Схевенинген форматында күш сынасады. Матчтың қорытындысы барлық жекелеген ұпайларды қосып санаған соң шығарылады. Егер ұпай саны тең болып қалса, тең ойындардағы нәтижелер саналады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес